Жарияланды: 20.10.2018

Өрлеу бар, өркендеу де…

Кәсіпкері де, шаруа қожалығы да көп, халқы еңбекқор Сайрам ауданы үшін биылғы жыл көңіл тоғайтатын толағай табыстарға толы жыл болды. Мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы мықты дамыған ауданда табыс та телегей теңіз. Ауданның мерейтойына орай аудан мен ауылдарға кіре беріс жерлеріндегі өткел-қақпалары қойылды. Сондай-ақ, «Мәңгілік ел» монументі мен «Құрметті азаматтар аллеясы» бар. Жоспарлы жұмыстар жүріп жатыр. Ал ауыл шаруашылығы саласында 2018 жылы 63,0 млрд.теңгеге өнім өндіру жоспарланып, 8 айда 35,0 млрд.теңгеге өнім өндірілген, өсім 9,2 пайызды құраған. Облыс көлемінде ауданның үлесі — 13,6 пайызға тең.  Яғни, Сайрам ауданы Түркістан облысы бойынша 1-орында тұр. Бүгінде аудан бойынша 42 елді мекеннің 41-і немесе 97,6 пайызы орталықтандырылған ауызсу құбырымен қамтамасыз етілген. Ал Сайрам ауданындағы жалпы пайдланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы — 1205,3 шақырымды құрайды. Барлығы да толығымен сақадай сай. Және өзге де экономикалық, әлеуметтік салалар күн санап дамып, өрлеп келеді. Айта өтейік, бүгінде 90 жылдық тарихы бар Сайрам ауданында 11 ауылдық округ, онда 42 елді мекен бар. Және шежірелі мекенде 206 мыңнан астам тұрғындар тату-тәтті өмір сүреді

1 068 қаралым