Жарияланды: 20.10.2018

Зауыттың үлкен жеңісі

Түркістан облысына қарасты Кентау трансформатор зауытының өнімдері шетел нарығына шыққалы жарты ғасырдан астам уақыт өткен. Осы аралықта зауыт өнімдері Ресейге, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Иран, Әзірбайжан, Белоруссия, Украина, Грузия, Армения, Моңғолияға шығарылды. Дәл қазір Ауғанстан мемлекеті

50 миллион доллардың трансформаторына тапсырыс беріп қойған. 5 жыл көлемінде олар осы өнімдерді түгел тасып әкетпек. Өзара келісім бойынша Ауғанстан елі жыл сайын 10 миллион доллардың трансформаторын әкетіп тұрады. Ал, Ресей нарығына 1000 дана трансформатор шығармақ. Кентау трансформатор зауыты осылай еліміздегі іргелі өнеркәсіп орындарына да өз өнімдерін саудалайды.

Сатып алушыларға мүмкіндігінше жеңілдіктер қарастырады. Кентау трансформатор зауытының басты ерекшелігі, өнімдерін заманауи қондырғылар негізінде жасап шығарады. Зауыт Қазақстан Республикасы тарихында тұңғыш рет салмағы 110 тонна, кернеуі

110 кВ, қуаты 63000 кВА электрлі машиналардың сериялы өндірісін жолға қойды. Демек, қазақстандық электр энергиясы саласының жаңа дәуірі басталды. Осындай қуаты теңдессіз алып құрылғы шығару Кентау трансформатор зауытының үлкен жеңісі!

 Сабырбек ОЛЖАБАЙ, «Оңтүстік Қазақстан».

990 қаралым