Жарияланды: 16.06.2018

Индустриалды аймақтарға инвесторлардың қызығушылығы жоғары

Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында  индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде  кең ауқымды жұмыстар атқарылуда. Тіпті шалғай шеттегі аудандар мен қалаларда да өзге де индустриалды аймақтарды құру жұмыстары жалғастырылып жатыр. Әр ауданның құрылымына қарай  қандай да өнім өндіруге болатындығы, шикізат көзінің көптігі барлығы да назарға алынуда. Бүгінгі күнге дейін 9 аймақ пайдалануға берілген, олардың жалпы ауданы 699 га-ды құрайды. Жалпы, облыстың барлық индустриалды аймақтарында сомасы 167 млрд теңге болатын, 10 мың жұмыс орны ашылатын 173 инвестициялық жоба іске асырылуда. Ең бастысы индустриалды аймақтың инвесторларға дайын инфрақұрылым, нарық құнынан төменгі бағада жерді сатып алу немесе жалға алу мүмкіндігін, ыңғайлы логистикалық жүйе, табиғи монополиялар қызметтеріне төмендетілген тарифтер мен жобаларды сүйемелдеуді ұсынылып отыр. Бұл инвесторларға жасалып отырған үлкен мүмкіндік. Индустриалды және арнайы экономикалық аймақтардың қызмет етуі елімізде шикізаттық өндірістен сапалы, қайта өңделген өнімдерді шығаруға көшуге және шикізаттық емес экспортты ұлғайтуға  қолайлы жағдайлар жасайды. Осындай артықшылықтардың арқасында бүгінде индустриалды аймақтарда өндіріс орнын ашуға ынталы инвесторлар қатары көбейіп отыр.

Балауса Айымбетова

 

1 086 қаралым