Жастар тәрбиесі — жаһандану үрдісі қарқынды дамып жатқан кезеңіндегі маңызды мәселелердің бірі. Әсіресе, жастар арасындағы діни сауаттылықты арттыруда «Дінаралық үнқатысу-уақыт талабы». « Сектадан сақтанайық!» тақырыбындағы іс-шара М.В. Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясында 8-10 сынып оқушылары арасында өткізілді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Бортаев.
Еліміздегі діни экстремизм мен түрлі кереғар ағымдардың бүгінгі жайы жұртшылықты алаңдатып, қоғамның өзекті проблемасына айналып отыр; — деп ашық пікір алмасуды ашып берді. Жиында тарих пәнінің мұғалімі С.Айтаманова «Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: және «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз. Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениет пен мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған» деп, жастардың санасын улаған кереғар, жат жіни ағымдардың ел тыныштығына, халықтар татулығына, келісіміне қатер төндіруімен қауіпті екендігін тілге тиек етіп, шәкірттерін өз ойларын білдіруге, ашық пікір алмасуға шақырды. «Профилактика религиозного экстремизма и терроризма» тақырыбында баяндама жасаған М.Равшанова оқушылардың сауалдарына жауап берді. Оқушыларға «Жастар терроризм мен экстремизмге қарсы!», «Абайлаңыз, секта!» бейнетаспалары көрсетілді. Сынып жетекшілері: С.Аимбетова, Н.Сланова, А.Аимбекова, Г.Конырбаева, Е.Кан, Ж.Кулимова оқушыларға елбасымыздың діни бірлік пен ұлттардың татулығын сақтап, сындарлы саясатының арқасында елімізде мұсылмандармен қатар православтық, католиктік, протестанттық, иудаизм, буддизм және басқа да діни конфессиялардың өкілдері береке-бірлікте өмір сүріп жатқанын сөз етті. Ш.Бекеева пікір алмасу барысында қоғамға қауіп төндіріп, елдің берекесін кетіретін секталардың түрлері және тыйым салынған діни ағымдар жайлы ақпараттар берді. Тәрбиелік мәні терең іс-шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Дуйсеналиев қорытындылап «Татулық пен сенім және келісімді мақсат еткен жағдайда барлық дін мен мәдениеттердің бірегей ерекшеліктерін сақтай отырып, қоғамдағы тұрақтылықты нығайтып, жастарымыздың болашаққа деген үмітін жарқын ете аламыз», деді.
Ш.БЕКЕЕВА,
Түлкібас ауданы, М.Ломоносов атындағы МГ тарих пәнінің мұғалімі