Жарияланды: 31.10.2018

Аналар жәрдемақысы жыл сайын 15 пайызға артып келе жатыр

«Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.» Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында осылай деп, ұлттық жаңғырудың негізгі алғышарттарын айқындап берді. Атадан қалған дәстүр мен салттың маңызын осыдан ақ аңғаруға болады. Қазақ айтқан «Отан отбасынан басталады» деген дана сөз бүгінге дейін өз маңызын жойған емес.  Елбасы «От­басы – Қазақстан қоғамы­ның дің­гегі, экономикадағы, мәдениет­тегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі» деп бұл мәсе­ленің біздің қоғам үшін маңы­зын айқындай түсті.  Тәуелсіздік жылдарында отбасы құндылықтарын нығайту бағы­тында қыруар шаруа атқа­рыл­ды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бәсекеге қабілетті ұлт, бақытты отбасы, саналы да білім­ді ұрпақ қалыптастыруға бағыт­талған сындарлы саясатының нәти­ж­есінде ана мен баланы қолдау бойын­ша бағдарламалық құжаттар, гендер­лік теңдікті сақтау стратегиясы қабылданып, мемлекеттік деңгейдегі отбасылық саясатта тұтастай жүйе қалыптасты. Басқасын айтпағанда көп балалы отбасыларды әлеуметтік қорғау бағытындағы мемлекеттік жәрдемақы түрлерінің әр жыл са­йын артып, көптараптанып келе жатқанын аңғару қиын емес.  Осы мақсаттарға тек 2017 жылғы республикалық бюджеттен 149,7 млрд теңге қаржы қарастырылған және ол жыл сайын кемінде 15%-ға артып келе жатыр. Әр жылы өтетін «Мерейлі отбасы» бай­қауын­да еліміздегі ең үлгілі отбасы­лар­дың өмірі насихатталып, түрлі айтулы марапатқа ие болуы да елі­мізде дәс­түрге айналған.

1 187 қаралым