Жарияланды: 31.10.2018

«Қызды тәрбиелегенің – бір ұрпақты тәрбиелегенің»

«Қызды тәрбиелегеннің – бір ұрпақты тәрбиелегенің», — деген екен ата- бабамыз. Бұл сөздің астарында үлкен мәселе жатыр. Өйткені қыз болашақ ұрпақтың анасы. Олай демеске лаж жоқ. Ұрпақ жалғастығын бәрінен жоғары қою, өле-өлгенше баласына қамқорлық көрсету әлемнің бірқатар елдерінде сақтала бермейтін дәстүр. Жасыратыны жоқ біз қызбаланы тәрбиелеуде ұлттық тәрбие, ұлттық педагогика негіздерінен алшақтап кеткенбіз. Атам заманнан келе жатқан салт-дәстүрдің қуанышы мол, қызықтысы – ұлын ұяға қондыру, қызын қияға ұшыру, бір сөзбен айтқанда қыз ұзатып, келін түсіру болған. «Алып анадан туады» дегенді түптей түсінген қазақ елінде Ананы ардақтау, Ананы сыйлау, оның ішінде жаңа түскен жас келінді құметтеу бұзылмас салт-дәстүрге айналған. Ұрпағымыздың бойына ұлттық тәрбиені, имандылық қасиеттерді сіңірсек, халқының әдеп-салтын жақсы білетін, ата-анасын сыйлайтын, ел үшін еңбек ететін ұрпақ тәрбиелеген боламыз. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) « Кімнің үш қызы болып, оларға дұрыс тәрбие берсе, маңдай терімен тапқанына киіндіріп бақса, олар ( қыздарын тәрбиелеп өсіргені) сол үшін тозақ отынан қалқан болады», — деген. Бұл шынымен де қыз бала тәрбиесінің ата-анаға оңай түспейтіндігін дәлелдейді. Қыз баланың ары мен абыройы, сыры мен сымбатын сақтауы, келешек өміріне даярлығы әрқайсысы өз алдына дербес тақырып. Халқымызда «бір ұл тәрбиелесең бір әулетті тәрбиелегенің, бір қыз тәрбиелесең бір ұрпақты тәрбиелегенің» деген дана сөз бар. Әубәкір сынды үлкен ақын «Қыз бала – үйдің бояуы» деген екен. Сол кісінің айтқанындай қыз әлемнің көркі, әрі ұрпақты көбейтуші. Қыз баланың тәрбиесін ұлттық болмыстың барлық іргетасымен астастыратын халықтық қағиданы бүгінгі таңда біз де қалтықсыз ұстануымыз қажет.

 

 

 

 

 

 

 

1 763 қаралым