Жарияланды: 09.11.2018

Сайрамда жастар қылмысы төмендеген

Сайрам ауданының полицейлері жастардың қолымен жасалған құқықбұзушылықтар сансыз баптар мекенінде биыл екі есеге төмендеген дегенді айтты. Сайрамдағы шаруалар төрт түлігін қорада ұстап ақ табыс табуға машықтанған. Полицейлер  тұрғындармен   түсініктеме жұмыстарын жүргізіп ұрлық қылмысының алдын алып отыр. Сонымен қатар Түркістан облысындағы ең ірі Қарабұлақтағы  мал базарды инспекторлар жіті назарда ұстайды. Бірлескен жұмыс өз нәтижесін беруде. 

Cапарғали Ботабеков – Сайрам АІІБ бастығының орынбасары

Учаскелік полицейлер ұрлық қылмысының алдын алуға сүбелі үлес қосып келеді.

Жастар арасында қылмыстың алдын алу үшін әр мектепке бір ювеналды полиция қызметкері болу керек Ал Сайрам ауданындағы  74 орта мектеп пен 5 коледжге бөлінген 11- ақ инспектор бар. Десекте полицейлердің пәрменді жұмыстарының арқасында ауыз толтырып айтар шаруалар бар.

Cапарғали Ботабеков – Сайрам АІІБ бастығының орынбасары

Жасөспірімдер арасындағы қылмыс екі есеге азайған.

 Сансыз баптар мекенінде 210 мыңнан астам тұрғын  бар. Ел ішінде тәртіпті реттеуге 180 ішкі істер қызметкері жұмыс істеуде. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде барлық қылмыс түрі бойынша  биылғы көрсеткіш өткен жылға қарағанда біршама төмендеген.

1 220 қаралым