Кәсібін ашып, нәсібін тапқандар. Бүгінде бизнеске бет бұрған жалынды жастар жетерлік. Шардара ауданының тұрғындары да бұл салада белсенділік танытуда.Бірі терезе жақтауын шығарумен айналысса, енді бірі наубайхана цехын ашып, жемісін көріп отыр. Иманғали жас та болса, көпке ісімен үлгі. Еңбегімен қаржы жинап, кәсіпкерлікке тәуекел етті. Ауданда терезе жақтауын шығаратын шағын өндіріс орнын ашты. Бүгінде кәсіпорында бірнеше азамат еңбек етеді.
Иманғали Мырзағалиұлы — Кәсіпкер
Мен алдағы уақытта жиһаз құрылғыларын ашқым келеді. Өзімінің оборотта жүрген 5,6 млн теңгем бар. Даму бағдарламасы арқылы, осы кәсіпті ашқым келеді.
Кәсібімен нәсібін тауып отырғандардың бірі — Райхан Әуезова. Қалада осыдан 6 жыл бұрын шағын наубайханасын іске қосқан. Кәсібін дөңгелеткен бойжеткен бүгінде Шардара дүкендерінің 50 пайызын нанмен қамтамасыз етіп отыр.
Райхан Әуезова – Кәсіпкер
Алдағы мақсатым наубайханамды улкейтіп, дамыту. Көптеген нан ассортименттерін шығару. Кәсібімнен жақсы нәтиже көруге ықпал ету.
Аймақта орта және шағын кәсіпкерлік жақсы дамып келеді. Ауданда 204 жас кәсіпкер бар. Оның басым көпшілігі 18-29 жас аралығындағы азаматтар. Ал «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы негізінде 44 жас бизнес тренингке қатысып, арнайы сертификатқа ие болды.