Жарияланды: 09.11.2018

Колледж студенттері СПИД-ке қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Спид-ғасыр індеті. Жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромына шалдыққандардың саны көбейіп келеді. Түркістан облысының өзінде аталған дерт бойынша 3182 азамат тіркелген. Мамандар бұл дерт жастардың арасында көп кездесетінін айтып дабыл қағуда. Аурудың алдын алу мақсатында Техникалық колледж түсіндірме жұмысын жүргізді.

ЖИТС- Жүре пайда болған иммун тапшылығы  синдромы.Осыдан 30 жыл бұрын тарала бастады. 2018 жылдың 1 қазан айына дейін бұл дертке еліміз бойынша 32 500, ал облысымызда 3182 адам шалдыққан.Статистика қорқынышты, алайда ел медицинасы СПИД-пен күресуде  қауһарсыз.

Өкінішке орай АИТВ инфекциясын адам ағзасынан толығымен жойып тастайтын дәрі табылған жоқ. Және оның алдын-алатын екпе вакцинасы да жоқ. Шымкент қалалық басқармасының ЖИТС тың алдын-алу, және қарсы күрес жұмыстарын жүргізу мақсатында, іс-шаралар, түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Және тұрғындарды тексерілуге шақырамыз.

Қаламыздағы техникалық колледжі, білім алушы шәкірттеріне қауіпті кеселдің  зияны  мен сақтану жолдарын түсіндірді. Арнайы іс-шара өткізіп, медицина саласының мамандарын шақыртты.

Камшат Житиева –  Техникалық колледждің  оқытушысы

Техникалық колледжде 400-ге жуық студент білім алады. Оның 345-і бюджеттік бағдарлама бойынша білім алады. Бүгінгі  өткізіп жатқан іс-шараны біз спидке қарсымыз деп аталады. Біздің техникалық колледжінің суденттері спидке қарсы. Осы шараға атсалысуда.  

 

3 374 қаралым