Жарияланды: 09.11.2018

Мамандық таңдаудың маңызы зор

Мамандық таңдаудың маңызы зор. «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалында «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында «Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз ісіңе адал бол!» тақырыбында жастармен кездесу өтті.Басқосуға облыстық мәслихат депутаты Шәріпбек Жамалбеков шақырылып, ұрпақ арасында әсерлі әңгіме өрбіді.

Мамандық таңдау  ең күрделі шешімдердің бірі.Кез келген адамның өмірден өз орнын табуы, мамандықты дұрыс таңдауына да байланысты.Қазіргі таңда елімізде  өз мамандығы бойынша жұмыс істемейтіндер көп.Ал, кәсіби мамандығын жетік игерген жандар қоғамның қозғаушы күші болары хақ.Жасотандықтар ұйымдастырған жиында осы мәселе кеңінен сөз болды.

Шәріпбек Жамалбеков- Түркістан облыстық мәслихатының депутаты

 «Ұрпақтар сабақтастығы»  жоба аясында өткен жиынға қаладағы  белсенді жастар мен оқу орындарының студентері қатысты. Жиыналғандар мамандық таңдау мәселесінің маңыздылығы жайлы  ой-пікірлерін ортаға салды. Өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасудың жастар болашағына  пайдасы зор екені айтылды.Өз кезегінде өмірден түйгені көп халық қалаулысы, мамандыққа адалдықпен қараудың қажеттілігіне тоқталды.

Гүлзия Қарсыбай  —  «Жас Отан» жастар қанатының белсендісі

Кез келген адам өмірден өз орнын табу үшін жанына жақын кәсіпті меңгеруі шарт.Әрбір жас Егеменді еліміздің ертеңі,білікті маман иелері. Олар еліміздің мерейін үстем етіп,    мәртебесін асырады.

1 044 қаралым