Облыстың үздік оқырман отбасы анықталды. Шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылды. Мақсаты – оқырмандардың кітапқа қызығушылығын ояту. Ұлттық салт-дәстүрді жандандырып, өскелең ұрпаққа насихаттау.
«Үздік оқырман отбасы» сайысына 9 отбасы қатысты. Байқау ережесіне сәйкес олар 3 кезеңде өзара бақ сынады. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясындағы сұрақтарға жауап берді. Бірі әуезді ән орындаса, енді бірі өздерінің төл туындыларымен көрерменнің қошеметіне бөленді.
Бүгінде кітап оқу «сәннен» қалып барады. Әсіресе, жастардың қызығушылығы төмен. Ғаламтор мен жаңа технологияның дамыған уақытында оқырманды кітапханаға тартудың жолы – отбасы қызығушылығын ояту еді.Байқау-осы үдеден шыға білді.
Кітап адам санасының көкжиегін кеңйтеді. Әсіресе, жас отбасылардың бірі-бірі түсініп, ортақ шешім қабылдай білуіне кітап берер пухани мұраның әсері мол.Сайыс «Отбасын кітап даналығы нығайтады» аты ұранымен өтті. Әділ-қазылардың шешімімен Тұрсынбаевтар жанұясы үздік деп танылды. Қалған қатысушыларға ынтыландыру сыйлықтары үйлестірілді.