Бас құрап, шаңырақ көтерген жастардың діни сауаты бекем болса, жанұясы берік болмақ. Асыл дінімізде ер мен әйелдің өз орны мен міндет-парызы бар. Ислам құндылықтарына қаныға өскен бала келешек қожасы болары анық. Осыны ескерген Түркістан билігі ерекше іс-шараға мұрындық болды. Қаладағы «Хилует» орталық мешітінің ұйымдастыруымен Бірлік ауылы «Жұма»мешітінде Құран жаттаған шәкірттер арасында Құран жарысы болып өтті. Жарыс 3 бөлікке бөлініп өтілді. Олар: Құранның толық 30 парасы; Құранның 5 парасы және Құранның 30-шы парасы. Төрешілер үміткерлердің арасынан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарын анықтап, жүлделі орын жеңімпаздарына қаржылай сыйлық табыстады. Құранның толық 30 парасы бойынша, 1 орын Абдулазимов Нематұлы, 2 орын Табын Мұхаммед Сали, 3 орын Жұмабай Аян. Құранның 5 парасы бойынша 1 орын Айтмахан Дияс, 2 орын Құрманалиев Темірлан, 3 орын Жұмабай Нұрмахаммед. Құранның 30-шы парасы 1 орын Шакиров Мұхаммедали, 2 орын Абдуқаюмов Садриддин, 3 орын Нұриддинұлы Азамат, 3 орын Авазов Билял. Сонымен қатар, қатысушыларға ынталандыру сыйлығы табысталды.
Жарияланды: 10.11.2018