Жарияланды: 11.11.2018

Мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер көрмесі өткізілді

Мүмкіндігі шектеулі жандардың күніне орай Шардара аудандық «Жастар ресурстық орталығының » ұйымдастыруымен аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Көкейімде бар əлем» атты қолөнер көрмесі өткізілді. Іс-шара барысында қолөнершілер өздерінің бұйымдарының жасалу жолдарымен оқушыларды таныстырып, өзара ой бөлісті. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында ісмер, он саусағынан өнері тамған шеберлері кездеседі. Өз бойынан шыққан қандай да бір өнерін көпшілікке паш ету, жұрттың шынайы ықыласына бөлену ол да үлкен мәртебе. Бұл күндері мүмкіндігі шектеулі жандардың өзі үй ішінде қолөнерімен айналысып, өз туындыларын көрмеге әкеліп ұсынып жатқанына қуанасыз. Бұл өнерді түсінетін, бағалай білетін жандар үшін қуаныш. Көрмеде мүгедек азаматтар тек ғана өз бұйымдарын жайғастырып ғана қоймай, сол күні ерекше көңіл-күй мен әсерге бөленді. Олар ортақ тақырып аясында бір-бірімен әңгіме-дүкен құрды. Орталық басшысы Батырбек Тұрғанбекұлы көңілі жарым жандардың дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілеп, қандай қиындыққа да мойымай, алдағы уақыттарда жақсылықтардың ғана куәсі болыңыздар!», — деп өз тілегін білдіріп, арнайы алғыс хат пен сыйлықтар табыстап, іс-шараны аяқтады. 

2 061 қаралым