Жарияланды: 11.11.2018

Жастар арасында «Қылмыссыз болашақ» атты жиын өткізілді

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында Шардара ауданына қарасты Қ.Тұрысбеков ауылдық округінде «Қылмыссыз болашақ» атты жиын өткізілді. Қазіргі таңда жастар қылмысының алдын-алу мақсатында құқық қорғау қызметкерлерімен бірлесе мектеп психологтары, педагогтары көптеген кездесулер ұйымдастырып, ал кешкілік көшеде жастардың беймезгіл жүріп қылмысқа ұрынбауын қадағалау үшін түнгі рейдтер өткізіліп жатқаны белгілі. Мұндай жүздесулерден жастар сабақ алады және жат әдеттерден бойын аудақ ұстайды деген сенімдеміз. 

Сондай-ақ, «Жастар арасында діни түсінігін дұрыс қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбына Қ.Тұрысбеков ауылдық округінде оқыту іс-шарасы жүргізілді.  Аталған іс-шараның өткізу мақсаты қазіргі жасөспірімдерге діни ағымдары бойынша дұрыс түсінік беріп, экстремизм-терроризмнің қатыгездік жолдарын түсіндіру көзделген. Бүгінгі дін атын жамылып, теріс бағыт ұстанатындардың әрекетін түсіндірген теологтар мен құқық қорғау қызметкерлері жастар санасына ой-тамызық берді. 

1 133 қаралым