Жарияланды: 11.11.2018

Мақтаарал ауданының әкімі жастармен кездесті

Жұмыссыздық — жастар арасындағы ең өзекті мәселе. Әсіресе, анаулы орта және жоғары білімі бар жастардың бос жүруіне ешқандай себеп жоқ. Жұмыс жасаймын деген жанға мемлекеттік бағдарлама негізінде әрқашан қолдау бар. Мақтарал ауданының әкімі Бақыт Асанов жастармен өткен кезекті кездесу жиында осылай деді.

Келелі кездесуге жергілікті округке қарасты мектептерден оқу озаттары, аудан, облыс, республика көлемінде танымал жастар, талантты жастар және жұмыссыз жастар мен ата-аналар комитетінің төрағалары, ауыл ақсақалдары қатысты.

Басқосу барысында барысында жастарға қатысты өзекті тақырыптарда еркін пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Жастар бір сәт келешекке көз жүгіртіп, терең ойға батты. Жас буын өкілдері көркем ойларын ортаға салып, емен-жарқын әңгіме өрбітті. Жиын соңы мерекелік іс-шараға жалғасты. Патриоттық әндер шырқалып, кездесу көркі одан әрі арта түсті. Жиынға қатысқан жас өрендер бойына батылдық жинап, болашаққа сеніммен көз тастады.

1 249 қаралым