Жастар — мемлекеттің қозғаушы күші. Кемел келешегіміздің кепілі. Мәңгілік еліміздің тұтқасын ұстар сеніміміз. Олардың тыныс –тіршілігі Атакенттіктердің басты назарында. Аймақ басшысы аудандық жастармен бас қосып, әңгіме өрбітті. Басты мақсат- оларға психологиялық қолдау көрсету. Сонымен қатар, келешекке сеніммен қарап, ертеңгі ел үшін қызмет етер ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу. Шара барысында аудан атқамінері өңірдің өсіп-өркендеуі жолында жастардың атқарар жұмысы қыруар екенін ұғындырып, оларды еңбекке баулыды. Қоғамға пайдалы азамат болуға шақырып, аймақтың әлеуметтік жағдайына да тоқталды. «Елім маған не береді емес, мен еліме не беремін». Жиын барысында әкім ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың осы сөзін жастардың жадына тоқып, егемен еліміздің ертеңі үшін ерінбей еңбек етіп, бірлікте бір болып әрекет етуге шақырды. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарсақ, біз алмайтын асу бағындырар белес болмасы анық екенін ескертті.