Жарияланды: 11.11.2018

Қыз тәрбиесі сөз болды

Қызым үйде, қылығы түзде». Дермене ауылдық округі Қаражантақ жалпы орта мектебінде қыз тәрбиесіне қатысты алқалы жиын болып өтті. Шара барысында бойжеткендер арасында кездесетін ерте жүктілік, аутодеструктивті мінез-құлықтың, ерте тұрмыс құрудың зардаптары  әңгіме арқауына айналды. Аталмыш олқылықтардың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, баяндама оқылды. Оқу ордасының шәкірттері арасында анкеталық сауалнама толтырылып, бойжеткендер ойларын ортаға салды.Келелі кездесуге Қаражантақ жалпы орта мектебінің жоғары сыныбында оқитын қыз балалар, мектеп мұғалімдері, психолог мамандар қатысты.

Бұдан бөлек, шарада бойжеткендерге болашақ ана, бір әулеттің келіні болатынын ескертіп, отбасылық өмірге қазірден бастап психологиялық дайындық жасай беру керектігі айтылды. Ұйымдастырушылар есейіп келе жатқан қыз балалардың санасына қазақ қызына тән қылық пен ар-ұят, мінез –құлық, иба мен құрметті сіңдіруге тырысты. Қыз тәрбиесі қашанда елдің назарынан қалыс қалмақ емес. Жанұяның жылуы, отбасының ұйытқысы болатын болашақ аналарға осындай жиындардың берер тәрбиелік мәні зор.

 

1 284 қаралым