Жарияланды: 11.11.2018

Қыз өссе елдің көркі

Қазығұрт ауданында Халықаралық қыздар күніне арналған он күндіктің жоспарына сәйкес, аймақтағы барлық елді мекендерде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Мәдени кештер өткен ауылдардың бірі —  Шарапхана. Мұнда «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторының ұйымдастыруымен, кездесу кештері мен мектеп қабырғасында  сайыс сабақтары болып өтті.

Шараның негізгі мақсаты – нәзік жандылардың қадірін көтеріп, еңбектерін елеу болды. Сонымен қатар, анаға деген құрметті арттырып, әлемдегі ең аяулы жандарға көңіл бөлу. Мерекелік кеш барысында ардақты аналар, қылықты қыздар мен түрлі салада қызмет ететін бұрымдылар көңілі көтеріліп қалды. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.  Әсем ән мен күмбірлеген күй, мың бұралған би мереке көркін одан әрі қыздыра түсті.

 «Қыз өссе, елдің көркі, гүл өссе, жердің көркі». Нәзік жандыларға деген құрмет атам заманнан бері жоғары екені даусыз. Олар тек мереке қарсаңында ғана емес, жыл он екі ай қандай құрмет көрсетсекте лайық.

 

1 332 қаралым