Жарияланды: 11.11.2018

Мектептегі тәрбие жайы қозғалды

Сайрам ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен білім бөлімінің мамандары, аудандағы №74 жалпы орта мектептің тәрбие ісі орынбасарлары, психолог, социолог мамандарымен кездесу болып өтті. 
Кездесуде білім бөлімінің әдіскер маманы Р.Сейтова «Мектептегі тәрбие, форма және жастардың ғаламторда өзге ағымдардан сақ болуы тақырыптарында баяндама жасады. Ал Түркістан облысы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теолог маманы Ж.Битанов ғаламтордағы арбаушы сайттардың зияны тақырыбында лекция өтті. Соңғы жылдары қой терісін жамылған қасқырдай ислам дінін бұрмалайтын теріс ағымдарды насихаттайтын сайттардың жабылғаны ақиқат. Алайда ғаламтор минут сайын мәліметтер ағылып жатқан әлем болғандықтан, ондағы жұмаққа барасың деген елес-сағыммен жат ағымдардың жетегінде кетіп, бармақ тістеп қалып жатқан қандас бауырларымыздың бар екені өзекті өртейді. Сондықтан барынша сақ болуды түсіндірген теолог ғаламтордағы қажетсіз ақпараттар мен мағлұматтарға барынша сене бермеуді, азаматтық позиция ұстануды ұсынды. Біздің ата  дәстүріміз, бабалардан жалғасып келе жатқан діни ұстаным мен бағытымыз, терең тамырлы тарихымыздан сусындағанымыз жөн. 

1 267 қаралым