Жарияланды: 12.11.2018

Аналар «Алтын алқамен» марапатталды

Ағымдағы жылдың 30 қазан күні аудан әкімі аппаратында еліміздің демографиясын көтеріп келе жатқан көп балалы аналарды «Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 4 қазандағы 765 Жарлығына сәйкес» 5 алтын, 9 күміс алқамен Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің орынбасары — Ерлан Нұрдаулетұлы салтанатты түрде марапаттады. Аудан әкімі алтын құрсақты аналарды құттықтап, отбасыларына ынтымақ, бақ береке, шаңырақтары әрдайым қуанышқа толы болуын тіледі. Қаратау ауданы бойынша жыл басынан бері 36-алтын алқа және 99-күміс алқа көпбалалы аналарға табысталды. Біздің өңірде демографиялық өсімнің артуы көңіл қуантады. Алтын және күміс алқалы аналардың қатары жасы отызға жетпеген жас аналардың қатарымен толығып келеді. Отбасының әлеуметтік жағдайы, тұрмыс сынағына қарамастан  бала санын көбейте білген аналардың сый-құрметі ерекше.  Ерлан Нұрдаулетұлы — күміс алқа иегерлеріне алдағы уақытта алтын алқа иегері атануын тілеп, өскелең ұрпақтың ел мақтанатын азамат болып өсуіне елімізде барлық жағдайлар жасалып жатқанын тілге тиек етті. 

1 178 қаралым