«Шынықсаң, шымыр боларсың». Салауатты өмір салтын серік еткен Мақтарал ауданының отбасылары «Толағай» отбасылық спорттық сайысында бақ сынасты. Спорт додасына аудандық ірітеуден өткен бірқатар жаниялар ат салысты. Адам денсаулығының салауатты өмір салтымен тығыз байланыста екенін жадына тоқыған ата-аналар балаларының да тұрақты спортпен шұғылданғанын қалайды. Шараның өтуіне атсалысқан Мақтарал аудандық жастар ресурстық орталығы.
Отбасылар бірнеше тур бойынша сынға түсті. Тартысты ойын барысында кіл мықтыны анықтау оңайға соқпады. Әр ауылдан жеңіске деген үкілі үмітін ақтап келген жанұялар жеңіс тұрынан көріну үшін барын салды. Спорттық дода соңында үздіктер оқ бойы оза шауып, жеңіс тұғырына көтерілді. Жеңімпаздар алғыс хаттар және бағалы сыйлықтарға ие болды.
Айта кетейік дәстүрлі шара жыл сайын өткізіліп отырады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған шара алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.