«Қыз өссе елдің көркі» атты шара Қазығұрт ауданының Шарбұлақ, Тұрбат ауыл округтерінде жалғасын тапты. Жиынға психолог, учаскелік инспекторлар бас қосты. Басты мақсат – бойжеткенді отбасылық өмірге дайындау, ерте жүктілік пен қиыс қадам жасауының алдын алу. Қыздармен өткізетін әңгіме, пікір алмасу барысында оларға болашақ өмірлеріне керекті пайдалы кеңестер айтып, жат қылықтардан аулақ болуына да ерекше мән берілді.Олар өз ойларын ортаға салып, тәлім-тәрбие, әдет-ғұрып жөніндегі көзқарастарымен бөлісті. «Адал перзент, асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар! Еңбекшіл адам ең ардақты адам», «Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Сонымен бірге ақылды болыңдар!», «Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар! Сонымен бірге саналы болыңдар!», «Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, ұйымшыл болып өсіңдер!». Жиында ұйымдастырушылар осы қанатты сөздерді бойжеткендер бойына сіңіруге тырысты.
Айта кетейік, ілкімді шара Қазығұрт ауданына қарасты барлық ауылдық округтерде жалғасын тапты.