Сарыағаш ауданы Тегісшіл ауылдық округінің әкімі жастармен кездесу өткізді. Келелі жиын барысында қос тарап «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауын талқылау және білім саласына қатысты басымдықтарды егжей-тегжейлі сөз етті. Білім сапасын көтеру мен қолжетімділікті арттыру басты міндет екендігін жеткізген халық қалаулысы, алдағы уақытта ЖОО арасында заман талабына сай мамандарды дайындау қажеттігін баса айтты.
Бұдан бөлек, жастарға арналған «Серпін-2050», «Болашақ», «Жас кәсіпкер», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы» сынды мемлекеттік бағдарламаларды жастарға насихаттау, келеңсіз жағдайлармен жат қылықтардың алдын алу, өзге жат ағымдардан сақтану жайы да сөз болды. Аталмыш мемлекеттік бағдарламалар бүгінде бірқатар жастардың білім алып, жұмысқа орналасуына өз септігін тигізді. Тіпті, жиынға қатысқан жастардың арасында да мелекеттік бағдарламаның шарапатын көргендер жетерлік. Мемлекет қолдауына ие болған жас өрендер келешекте елдің қарыштап дамуына үлес қосуға ниетті.