Жарияланды: 12.11.2018

Жас талант шығармашылық кешін өткізді

Түркістан облысы білім басқармасының «Арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1 «а» сынып оқушысы Айша Бақытжан «Өмір ғажап сіздерменен» атты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған концерттік кешін өткізді. Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қарт келіп сәлем берер. Ата салған жолмен кешке арнайы Мақтарал ауданының әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова қатысып, жас дарын иесіне аудан әкімінің алғыс хаты мен сый-сияпатын табыстады. «Құрметті Айша! Бүгінгі концерттік кешің құтты болсын. Өнердің биік шыңдарын бағындыр. Мақтааралдың мақтанышы болып жүре бер. Аудан әкімдігі әрқашан жас дарын иелерін қолдауға әзір. Өнерің өрге жүзсін!» — деді Алтын Күнтуқызы.

Айта кетейік, концерттік кештің иесі көрермендердері сыңғырлаған әсем әуенімен таң қалдырды. Жанды дауыста әуелеген әні салтанат сарайының көгінде әуелеп, көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Сондай-ақ, бірнеше ұлттың биін билеп, көптің қошеметіне бөленді. Биіктерден көріне бер, Айша!

 

1 333 қаралым