Жарияланды: 12.11.2018

Cуицидпен күресуді психологтар бірлесе қолға алды

 

Түркістан облысында жасөспірім­дер арасында суицидтің алдын алу мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі психо­лог­тардың бірлесе қолға алған және бес кезеңнен тұратын жоба. Әрине, бұл мәселеге ерекше назар аударып, ауқымды жұмыстардың қолға алынуы бекер емес. Жасөспірімдер арасындағы суицидтің азаймай, көбейе түсуі негізгі себеп болып отырғаны мәлім. 

Деректерге жүгінсек, жастар ара­сында зорлық-зомбылық және өзіне-өзі қол жұмсау көрсеткіші биыл 30-ға артқан. Осы өзекті мәселе, алаң­датарлық көрсеткіш пси­хо­логтардың және облыстық жас­тар ресурстық орталығының қыз­меткерлеріне ой салса керек. Бүгінде өңірдегі 1000-нан астам педагог-психологтың басын қосып, біліктілігін арттыру курсын ұйымдастыруда.

Бұдан бөлек, «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу секторының» ұйымдастыруымен келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтарды, ертежүктіліктің және аутодеструктивті мінез құлық, қалыпты емес дағдарыстың, құқықбұзушылықтың, алдын-алу мақсатындаоблыстың барлық өңірлерінде кездесулер ұйымдастырылуда. Аталмыш жиынның бірі — Жетісай ауданы, Атамекен ауылдық округі Қоғалы ауылындағы «Ж.Сүлейменов» жалпы орта мектебі және Жемісті ауылы «№40 Қазыбек би» атындағы жалпы орта мектебінде болып өтті. Басты мақсат- шәкірттерге психологиялық қолдау білдіріп, өмірге бейімдеу.

1 056 қаралым