Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бастамасымен жыл басынан осы уақытқа дейін жасалған жастар арасында құқықбұзушылықтарға анализ жасалды. Қылмыстың алдын алу бойынша АІІБ, аудандық Прокуратура, Білім бөлімі, ата-аналар комитетінің төрағалары мен мектеп басшыларының тәрбие орынбасарларының қатысуымен жиын болып өтті. Жл қортындыс жаман емес.
Жас жеткіншектердің қылмысқа бой ұру мәселесі тек құқық қорғау органдарының ғана емес, ата-ананың, мектептің, басқа да мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың қадағалауын талап етеді. Себебі психолог мамандардың зерттеуіне сенсек, жас баланың саналы азамат болып қалыптасуында оның жанұяда, мектеп қабырғасында, көшеде көрген өнегелері ерекше орын алады. Ал сабақтан тыс уақыттарда, каникул кездерінде демалыс маусымдарының дұрыс ұйымдастырылмауы, көшедегі келеңсіз оқиғалардың көптігі мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне сын. Егер елдегі әртүрлі ұйымдар сабақтан қолы босаған оқушыларға арнап спорттық кешендер ашып, жарыстар өткізіп тұрса, жас жеткіншектердің шығармашылық қабілетін бағалайтын үйірмелер ұйымдастырса, жас балалардың жаман іске үйір болуына, тіпті мойын бұруына, мұршасы болмас еді.
Жасөспірімдердің аяқ астынан қылмыскерге айналуының осындай терең себептері бар екенін ескерген Ішкі істер министрлігі 2007 жылдан бастап орта білім беретін оқу ордаларының жанынан оқушылардың тәртібін қадағалайтын мектеп инспекторлары тобын құрды. Бұл мектеп инспекторлары қазіргі таңда қалалық немесе аудандық Ішкі істер басқармаларының әкімшілік полиция бөліміндегі ювеналды полиция бөлімшелеріне қарайды. Олардың айтуынша, жастардың қылмысқа баруы жыл сайын төмендеп жатыр.