Жарияланды: 12.11.2018

Сарыағаш ауданында қыздар спорты қарқынды даму

Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен арнаулы орта оқу орындарының студент қыздары арасында спорттың волейбол түрінен «Студенттік лига» ойындары болып өтті. Бұл жарысқа ауданымызбен көрші Келес ауданның қыздарыда бақтарын сынады. Жарыстың мақсаты қыздар спортын жандандыру, аудан арасында достық қарым-қатынасты нығайту, жастар арасында салауатты өмір сүру салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортты дамыту, спорт шеберлігін шыңдау, қыздарды спортқа баулу.

Қыздар арасында өткен спорттық сайыстың қорытындысы нәтижесінде  І-орынды №12 Кәсіптік колледжі, ІІ-орынды Сарыағаш медрессе колледжі, ІІІ-орынды ОҚ Арыстанбаб колледжі иеленді. Жарысты тамашалауға, жас қыздардың талантын көруге, жастарға қолдау көрсетуге Сарыағаш аудан әкімі Қайрат Абдуалиев, Облыстық жастар ресуртық орталығының басшысы Береке Дүйсебеков арнайы қатысты. Жарыс соңында аудан басшысы Қайрат Абдуалиев қыздарға өмірде тек сәттілік тілеп, алдағы жарыстарда биік белестерден көрінуіне тілектестік білдіріп жарысты қорытындылап жеңіпаздарды марапаттады.

 

 

1 139 қаралым