Облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарманың отбасы ісі және адамгершілік-рухани дамуы жөніндегі бөлімі облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы, мемлекеттік органдармен бірлесіп, үкіметтік және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен, атап айтқанда «Қазақстан іскер әйелдер ассоциациясы» ҚБ ОҚО филиалы, «Сана сезім» Әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» ҚБ-мен тығыз байланыстығын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың тамыз айында 2 күндік семинар-тренингке бөлім мамандары қатысып, жәбірленушілерді түрлі ситуациялық жағдаяттардан шығару, зорлық-зомбылықтың алдын алу профилактикасы жайында жұмыстар жүргізді.
Зорлық-зомбылықтың құрбандарымен жұмыс атқаратын мүдделі органдарымен, оқыту және ағарту-ақпараттық бағдарламасын өткізу жөнінде 2018 жылға арналған бірлескен іс-жоспарына сәйкес, үстіміздегі жылдың басынан бері бөлімде 3 семинар, 1 дөңгелек үстел және жастар арасында достық, патриоттық сезім, ұлттық мәдениетке баулу мақсатында „Ұрпақтар сабақтастығы мен салт-дәстүрлер құндылықтарын насихаттау“ жобасы аясында ұлттық спорт сайыстары өткізілді. Іс-шараға қатысқан 150-ден астам қатысушылардың 1,2,3 орын алған жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Әлия БИБОЛОВА,
Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарманың отбасы ісі және адамгершілік-рухани дамуы жөніндегі бөлімнің бас маманы