Жарияланды: 06.12.2018

«Жаһандану әлеміндегі жастардың психологиялық денсаулығы» атты форум өтті

Түркістан облысы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының облыстық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «ReFrame» тұлғалық дамыту орталығы және «Қазақ психологиялық қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің бірлесе ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің үлкен залында республиканың барлық аймақтары және аудандық, қалалық білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарының және тәжірибелі психолог мамандардың қатысуымен «Жаһандану әлеміндегі жастардың психологиялық денсаулығы» тақырыбында республикалық жас психологтардың форумы өткізілді. Форум аясында қатысушы жас психологтар республикадан келген мамандарға көкейдегі сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтып, маңызы бар жауаптарын да алды.
Форум соңында жастар арасындағы құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Балмаржан Полатқызы Нарбекова Мәскеулік заманауи НЛБ институтының ректоры, ресейдің атақты бірқатар НЛБ тренері Пелехатый Михаил Михайловичпен, «Қазақ психологиялық қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті, профессор Перленбетов Мұқан Әтенұлымен, «ReFrame» тұлғалық дамыту орталығының басшысы, тренер-психолог Вероцкая Гулжан Ералықызымен келісімге келіп, меморандумға қол қойды.
Сонымен қатар, форумды ұйымдастыруға атсалысып, белсенділік танытқаны үшін «Қазақ психологиялық қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алғыс хатымен марапатталды

1 459 қаралым