Жарияланды: 06.12.2018

Мүмкіндігі шектеулі балалар Елбасыға сыйлық жолдады

Тұңғыш Президент күніне Елбасыға тарту ретінде «Кедергісіз келешек» бағдарламасы аясында облыста Сайрам көмекші-мектеп интернатының тәрбиеленушілері алғашқылардың бірі болып, Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйлық жолдады. Концерттік бағдарлама қойып, көрме ұйымдастырды. Бұл мекеме отыз жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Туабітті кемістігі бар балаларды өнерге баулып, қоғамға бейімдейді. Қазір 200-ге жуық оқушы тәрбиеленіп жатыр. Көбісі ауыр дертке шалдыққан. Соған қарамастан, педагогикалық ұжымның жетістігі жоғары. Елбасы саясатын берік ұстанып, балаларды сауықтыруға, қоғамның белсенді мүшесі етіп, қатарға қосуға пейілді. Сайрам көмекші мектеп-интернатының директоры Жадыра Таңатарова, Сайрам көмекші мектеп-интернатының бастауыш сынып әдіс бірлестігінің жетекшісі  Лаба Ташметова бұл істің басы-қасынан табылып, ұйытқы болып жүр. Тұңғыш президент күніне орай көмекші-мектеп интернатының тәрбиеленушілері қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырды. Балалар өз қолдарымен жасаған туындыларын  елбасыға тарту етті.  Қазақстанда  әрбір баланың  тұлға болып қалыптасуы мемлекет назарында. Тағдыр талқысына түскен балалар да өз қабілетін көрсетуге жағдай жасалған. Кемеңгер көшбасшымыз басқарған елде ұлы құндылықты сақтау- аса маңызды.

1 194 қаралым