Жарияланды: 07.12.2018

Зерделі ұрпақ өсіру — мемлекетіміздің жарқын болуы үшін аса маңызды

     

«Біз, салауатты өмір салты үшін!». Осындай айдармен Түркістан қаласында кең көлемді акция өтті. Халыққа медициналық көмек көрсету, аурудың алдын-алу мақсатында ұйымдастырылған шараға Түркістан обылыстық денсаулық сақтау басқармасы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мұрындық болды. Салауатты өмір салты – адам үшін аса маңызды, денсаулықпен тікелей байланысты құнды форма. Осыны ескерген мамандар халықты әркез ауырмайтын жол іздеуге шақырып келеді. Бұл жолы да ұлт саулығының жанашырлары профилактикалық жұмыстарға ден қойды.

      Денсаулық акциясында жастар саулауатты өмір салтын насихаттап, флешмоб биледі. Ал, медицина қызметкерлері тұрғындарға тегін кеңес беріп, ағашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлікті шыңдау сабақтарын өткізді. Қоғам болашағы – әрбір адам денсаулығына байланысты. Ал, ұлт саулығы — тек сыртқы орта ғана емес, әлеуеттің әлеуметтік ахуалымен де байланысты. Сондықтан да денсаулық сақтау саласының мамандары атсалысқан акциясының мән-маңызы ерек.

         Сонымен қатар, Түркістан жоғары медициналық колледжінде де  салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттық іс-шара өткізді. Оған оқу ордасының белсенді студенттері қатысып, өнер көрсетті. Салауаттты өмір салты – денсаулығымыздың кепілі. Шараның мақсаты – жас ұрпақтың зиянды әдеттерден арылтып, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу. Сондай-ақ, студенттер арасында ынтымақтастықты нығайтып, оларды  спортқа баулу. Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі. Осы ұғымның негізінде жастар арасында топ аралық спорттық сайыс ұйымдастырылды.  Студенттер 2 кезең бойынша сынға түсіп, сайыс шартына сәйкес түрлі кедергілерден сүрінбей өтті. Салауатты өмір салтын қалыптастыру Елбасы жолдауында айтылған негізгі бағыттардың бірі.  

1 229 қаралым