Жарияланды: 07.12.2018

Аналар кеңесі қыздар тәрбиесіне байланысты кезекті рет алқа мәжілісін өткізді

Қазақ қоғамында оң босағада отырып жүкті болу деген – ұятты іс болып саналады. Ал ұят өлімнен күшті. Ерте жүктілік деген оқиға мүлдем болмаған десек артық айтпағандық. Өкінішке орай бүгінгі қоғамда мұндай фактілер жиілеп барады. Облыс орталығында өткен алқалы мәжілісте аналар кеңесі осы олқылықтарға алаңдаушылық білдіріп, шешу жолдарын саралады.

Жетім бала, жесір әйел – қазақ қасіреті. Өкінішке орай, соңғы жылдары біздің қоғамда осындай топтардың қатары артуда. Оң босағада отырып перзентті болып, жастайынан суицидке ұрынушылар сейілмей тұр. Оған себеп – ата-ананың салғырттығы,-дейді аналар кеңесінің мүшелері. Баян Жандосова, Түркістан облыстық аналар кеңесінің төрайымы: — Мен мына орталықтағы мектепте еңбек еткем, сол кезде жүргізген тексеру қорытындысымен ата-аналары балаларына қарамайды. 47 пайыз балалар өз өзіне қиын жағдай болғанда кімге айтарын білмейді. Міне сондықтан мен ойлаймын, оқыған, озық ойлы аналар бұл іске салғырт болмауы керек. Мамандар мәліметіне сүйенсек, бір ғана Алматы қаласының өзінде 18 жасқа толмаған қыздардың 20 пайызы ерте жүктілікке бой алдыратын көрінеді. Бұл көрсеткішпен Қазақстан Еуропа елдеріне қарағанда алты есе асып түскен.  Елімізде мың қыздың 36-сы ерте жүктілікке бой алдырып, соның 50 пайызы қылмыстық түсік тастау әрекетіне жүгінеді. Бүгіні қиын, болашағы бұлыңғыр қыздармен енді іскер әйелдер жеке-дара жүздесуді жоспарлап отыр.

 

1 539 қаралым