Қай кезде де халқымыз өзінің болашағы – жастар тәрбиесіне көңіл бөліп отырған. Ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жас өскінді тәрбиелеудің жолдары мен амалдары да сан тарау. Солардың ішінде шешуші рөл атқаратын тәлімі мен тәрбиенің бір түрі – жастарды патриотизм үлгісінде тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын білуге үйрету маңызды іс саналады. Жетісай қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 6 желтоқсан күні жастар арасында құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, келеңсіз оқиғалардың, ерте-жүктіліктің, аутодеструктивті оқиғалардың алдын алу мақсатында кездесу болып өтті. Іс — шараға колледж басшылығы, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, аудандық ішкі істер бөлімі, Әлеуметтік псиxологиялық сүйемелдеу сектор қызметкерлері және колледж ұстаздары мен студенттері қатысты. Әр баланың бойында қалыптасқан мінез-құлық, әдептілік, білім алуға деген ынта тек ата-ананың тәрбиесімен, солардың бойларындағы жақсылықтармен дамитын қасиет. Тәрбие алдымен отбасындағы ата-ана, бауырлардың үлгі-өнегесімен қалыптасатындықтан, жасөспірімдерге отбасылық құндылықтар жайы айтылды.
Жарияланды: 10.12.2018