Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Отаным -тағдырым» атты қаламызбен бірге жасасып келе жатқан, көпке үлгі болған ардагер кенші, әнші, салауатты өмір салтын ұстанушы Жеңіс Берікқарамен мектеп оқушылары және колледж студенттерінің кездесуі өтті. Жеңіс Берікқара бала кезіңіздегі сүйіп ойнайтын ойынын, өзінің салауатты өмір салтын қалай ұстанатынын, өнерге жүрегі жақын екенін ерекше әңгімелеп, қазақтың қара домбырасымен бірнеше халық әндерін нақышына келтіре орындап берді. Сондай-ақ жастарға әр адам өз денсаулығын сақтауға және ғұмырын ұзартуға жауапты екенін айтты. Денсаулықтың жақсы деңгейіне жету және жайлы болуына жету -бұл нақты өмірлік ұстаным мен тәртіптен тұратын үзіліссіз үдеріс. Ішімдік ішу, есірткі заттарды қолдану, темекі шегу зиянды әдеттер, оданда бос уақытын тиімді өткізуге , белсенділік танытуына , дұрыстап тамақтануына және салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, жасы жетпіс төртке келсе де, әлі де спортпен шұғылданып жатқанын айтып, сахна төрінде бірнеше жаттығулар көрсетті.
Жарияланды: 10.12.2018