Ордабасы ауданында психология ғылымдарының кандидаты, Қазақ психологиялық қоғамның вице президенті, «Жан шуағы» психологиялық орталығының директоры Елшібаева Кулмаш Ғалымжанқызы мен ауданның психологтарына семинар өткізді. Семинарда «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу» тақырыбында сөз болды. Мектеп психологтары оқушылардың тығыз қарым-қатынаста болып, жұмыс істей білуі тиіс. Олар мінез-құлқында, ой-өрісінде ауытқушылық пен күйзеліс белгісі байқалған оқушыларды лезде танып, жеке отырып сөйлесуге міндетті. Міне, семинар барысында оқушыларды қоршаған ортаға сай қатынас жасауға машықтандыру, жалпы қарым-қатынастың коммуникативтік түрлерімен таныстыру мақсатында психологиялық жаттығулар ұсынылды. Оқушылардың жеке ерешеліктерін, яғни танымдық қызығушылықтары, қабілеттері, бейімділіктерін дамытуға ықпал жасап, оқушылардың жеке ерекшеліктерін анықтау тәсілдері айтылды. Қажетті психодиагностикалық деректер оқушылардың даму динамикасын бақылау және психологиялық-педагогикалық картасындағы қорытындыны суреттеу үшін, қарым-қатынаста қиындық сезінген оқушыларға көмектесу формалары мен жолдары оқытылды. Семинардан мектеп психологтары көп нәрсе ала білді. Сондай-ақ, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, өз ойларымен бөлісті.
Жарияланды: 11.12.2018