26 қараша күні Ордабасы аудандық мәдениет Үйінде Түркістан облысы бойынша «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі ісшарасының Ордабасы ауданындағы кезекті жиыны болып өтті. Бұл іс-шараның мақсаты облыс тұрғындарының мәдени және рухани сезімдерін қалыптастыру, деструктивті діни ағым жақтастарын, соның ішінде жастарды қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу. Сондай-ақ, мемлекет пен дін арақатынасындағы зайырлылық ұстанымы бойынша аудан тұрғындарын ақпараттандыру болып табылады. Басқосуды аудан әкімінің орынбасары А.Әбдіқұлов ашып жүргізді. Мұнда облысымыз аумағындағы адасқан жастар туралы арнайы бейнетаспа назарға ұсынылды. Содан кейін Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» бөлім басшысы Ф.Тайтелиев, осы орталық директорының орынбасары М.Бесбаев, облыстық Халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы Ш.Мамытханова, Ордабасы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Әбдіхайымұлы баяндамалар жасады. Ата-бабамыз бір ғана дәстүрлі дінді ұстанды және ұлттық салтымызды берік сақтап келді. Біз содан ауытқымауымыз керек деді ақсақалдар. Одан кейін сұрақ-жауап түріне көшіп, жиынға қатысушылар қозғалып отырған мәселеге қызығушылық танытты.
Жарияланды: 26.11.2018