Жарияланды: 11.12.2018

Қайсарлығымен жастарға үлгі бола білген жан

Түлкібас аудандық мәдениет үйінде қоларба биінен Азия чемпионы Ермек Қалымбетовтың «Өмірім мен өнеріме ғашықпын» атты шығармашылық кеші өтті. «Тақ-Сері» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен өткен кеште Ермек Қалымбетовтың өмірі жайлы бейнеролик көрсетіліп, әндері шырқалды. 
Шара барысында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев, өз сөзінде
— тағдырдың ауыр тәлкегін басынан өткеріп жүрген, мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан сол ұғымды санасынан өшіріп, алдыға қойған мақсаттарына жетіп, кейінгі жастарға өңеге болып жүрген сіздей азаматқа алғысым шексіз. Мүмкімдігім шектеулі деп қол қусырып отырмай, өміріңізді би спортымен ұштастырып, қоларбада қашықтыққа жүгіруден Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы және қоларба биінен Азия чемпионы болдыңыз. Сіздей қайсар мінезді азаматты Қазақ Елі әрқашан мақтан тұтады -деп, ауданымызға арнайы келіп шығармашылық кешін өткізіп отырған Ермек Қалымбетовты және іс-шараны ұймдастырушы «Тақ-Сері» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айгерім Есболатқызын аудан әкімінің алғысхаттарымен марапаттады. Сондай-ақ, концерттік бағдарлама барысында Ермек Қалымбетовтың өнерде бірге жүрген тағдырлас достары да өз өнерлерін көпшілікке тарту етіп, көрермен жүректерін баулады.

1 161 қаралым