Жарияланды: 11.12.2018

Бала құқығын қорғау басты міндет

Жақында Бәйдібек ауданы А.Нысанов атындағы негізгі орта мектебінде «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу басты міндет» тақырыбы аясында «дөңгелек үстел» өтті. Бас қосуды А.Нысанов мектебінің педагог-психологы Санжар Әдебиетұлы жүргізіп отырды. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мәріп Мыңбаев аталған тақырыпқа қатысты хабарлама жасады. Аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Нұржан Бегеров пен бөлімнің балалар ісі жөніндегі инспекторы Жанна Мырзабекова, мектептің әлеуметтік-педагогы Нұрғазы Қожабек балалардың тәрбиесі мен міндеттері жайында айтып өтті. Жиында екінші ауысымда оқитын оқушылардың сөмкесіне шағылыстырғыш жарықшасы міндетті түрде жабыстырулы тиіс деген пікір айтылды. Өйткені, жол бойында кешкі уақыттарда жүретін автокөліктердің иелері мектептен кеш шыққан оқушыларды байқайтын болады.
Шара соңында жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесіне әсері бар арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді.
«Дөңгелек үстел» бала құқығын қорғау басты міндет деген ортақ пікірмен қорытындыланды

1 503 қаралым