М. Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері балалар үйінің тәрбиеленушілерін ерекше әдіспен құттықтады. Отыз шақты ерікті жас №2 Төлеби балалар үйіне арнайы барып, концерттік бағдарлама қойды. Бүлдіршіндерге сый-сияпат жасап, сыйлықтар үлестірді. №2 Төлеби балалар үйі 1928 жылы ашылған. Бұл ұяда соңғы 90 жылда талай бала түлеп ұшты. Ал, қазір 3 пен 18 жас аралығындағы 59 бала тәрбиеліп жатыр. Балалар үйіндегі жеткіншектер толық отбасылық үлгідегі тәрбиемен қамтылған. Ә.Бейсебаева, №2 Төлеби балалар үйі директорының орынбасары: -Балалар үйі мен отбасылықтың айырмашылы ауылда тәрбиленген бала өзі отбасыда тәрбиеленеді. Өз тамағын өзі әзірлеп, өз кірін өзі жуып тұрмыстық жағдайға бейімделіп, келешекте қоғамға қосылағу ыңғайлы және бейім болып өседі, — дейді. Қазір мекемеде 7 үй бар. Әр үйде 7-8 баладан тәрбиеленеді. Оларға тәрбиеші аналар қамқорлық жасайды. «Балалар біздің болашағымыз. Сондықтан, балалар үйіндегі бүлдіршіндердің аз да болса көңілін аулайық деп осындай іс-шара ұйымдастырып жатырмыз. Бұл алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады» деп отыр ұйымдастырушылар.
Жарияланды: 11.12.2018