Жарияланды: 12.12.2018

Жастардың санасына саңылау болса дейміз…

 

Ағымдағы жылдың 12 желтоқсан күні, Түркістан облысы Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Түлкібас ауданында «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Әлеуметтік сүйемелдеу секторы», Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің ұйытқуы болуымен ауданымызда Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде құқық бұзушылықтың және қыздар арасында ерте жүктіліктің, өз-өзіне қол жұмсаудың алдын-алу  және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында есірткіге қарсы зиянды психотроптық, улы заттардан қорғау, алкогольдік ішімдіктерді қолданудың алдын алу, түрлі керағар діни ұйымдардың іс-әрекеттерінен қорғау, зорлық – зомбылықтың, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында жасөспірімдер мен жастар арасында профилактикалық жұмыстары жүргізілді. Қыздардың балиғатқа жетпей жүк­ті­лікке бой алдыруын әлем гинекологтары олардың физиологиялық жетілуі ер балаларға қарағанда ерте келетінімен де байланыстырады. «Жыныстық жетілу кезінде өрескел қателікке бой алдырады. Себебі, сол уақытта психологиялық, әлеуметтік өзгерістерге ұшырайды. Қыз баланың жыныстық жетілуі 18 жасқа дейін толық қалыптасады. Сондықтан көбіне сезімге ерік береді», дейді мамандар. Жасөсіпірім өтпелі шақта балалар теріс ағымдардың жетегіне тез арбалып, тіпті өзіне-өзі қол жұмсайдың деңгейге қалай барғанын байқамай қалады. Сондықтан бұл келеңсіздіктің алдын-алу мақсатында көптеген кездесулердің жаппай өткізіле бастауы саңылау да болса, жастардың санасын жарқын жаққа өзгерту. 

1 105 қаралым