Жарияланды: 12.12.2018

Бақытты отбасы байқауы өткізілді

Үстіміздегі жылдың 12 желтоқсанында Төле би аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторының ұйымдастыруымен Ленгер қаласындағы №4 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебінде отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу және салауатты өмір салтын насихаттау, ата-ананың балаға деген махаббатын арттыру мақсатында отбасылар арасында «Толағай» спорттық сайысы өткізілді. Сегіз кезеңнен тұратын сайысқа сегіз отбасы қатысып, Көксәйек ауылдық округінен Толегеновтер отбасы 1-ші орын, қалалық емханадан Жанабуловтар отбасы 2-ші орын, №4 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектептің атынан келген Түйебаевтар отбасы үшінші орын иеленді. Бұл спорттық дода арқылы жеңімпаз отбасылар расында өздерінің өнегелі, жылылық ұялаған шаңырақ екендіктерін көрсетті.  Ойын барысында ата-ана мен балалары арасындағы жауаптылық, бірлік, бір-біріне деген бауырмалдық пен жанашырлық байқалып, көпшілік арасында олар тату отбасы екендіктерін танытты. Қандай қиын кездер болмасын әкесі мен анасы бірге шешім қабылдап, балалаларымен қарым-қатынасын күшейту арқылы нағыз бақытты  жанұя болатындықтарын дәлелдей түскендей.

1 201 қаралым