Жарияланды: 13.12.2018

Адамның адамдығы жасаған қайырымдылығынан білінеді

Қай қоғамда болсын мәнін де, өзектілігін де жоймайтын бір құндылық бар екені рас. Ол – қайырымдылық. Адамдардың бір-біріне қайырымдылығы немесе жекелеген компаниялардың кейбір жандарға қолұшын созып, жасайтын қайырымдылығы, тіпті оған қатысы жоқ адамның да көңіліне жылу сыйлайды. Неге десеңіз, ондай жағымды жаңалықтың, игі істің жақсы шарапаты болады. «Қуанышты бөліссең көбейеді» дегендей, мұндай іс адамдарды қашанда қайырымдылық жасауға итермелеп тұрады. Осындай қайырымды істің бірі Қазығұрт аудандық «Жалында жастар» ұйымының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай облыс және аудан кәсіпкерлерінің қолдауымен әлеуметтік жағдайы аз қамтамасыз етілген отбасыларға үй-жиһаздарымен және азық-түлік алып беріп сый жасады. Міне, адамға адамның қа­дірі осындайда білінеді. Нарық заманы орнады, адамдардың адамгершілік қасиеті төмендеді, азай­ып барады деп жиі айтып жүрсек те, осындай нар жігіттердің тірліктері көкейге үміт ұялатады. Қайырымдылықтың ірі-ұсақ болып бөлінбейтінін көрсетеді. Бай бол, кедей бол – қайырымды болу міндетің деген ойға жетелейді.

1 299 қаралым