Жарияланды: 10.01.2019

Автобөлшектерді құжатсыз сатып алғандар жауапқа тартылуы мүмкін

Алматы полициясы автобөлшектер саудасы қызып жатқан базарларда тұрақты рейд жұмыстарын жүргізіп тұрады. Осындай тексерістердің бірі жақында «Car City» сауда үйінде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Car City» сауда үйін тексеру барысында» 10 арнайы құрылған мобильдік топтың қызметкерлері авто қосалқы бөлшектерді сату орындарында бұрын қолданыста болған 10 көлік айнасын, 2 тұманға қарсы фарды, 8 автокөлік аккумляторын анықтаған. Қылмыстық іс бойынша шағым түсірген адамдарға тиесілі екенін анықтау үшін  аталған автобөлшектер салыстырылып, тексерілетін болады», — деді Полиция департаменті қылмыстық полиция бөлімінің подполковнигі Есен Ысқақов.

Сонымен қатар, Алматы полициясы азаматтарды автобөлшек сатып алар кезде тиісті құжаттарды талап етуге шақырды. Құқықтық жауапкершілікке тартылмас үшін бөлшектерді құжатсыз қолдан сатып алудан бас тарту керек. Сондай-ақ, ұрланған мүлікті сату немесе сатып алу ҚР  Қылмыстық кодексінің 196-бабы бойынша жазаланады.

1 164 қаралым