Жарияланды: 12.01.2019

Түркістандағы Мергентөбе обалар қорымына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейі қызметкерлерінен құрылған археологиялық топтың жүргізген ғылыми жұмыстарының негізгі мақсаты — Түркістан өңірінің көне тарихынан кең мағлұмат беретін Мергентөбе обалар қорымындағы ескерткіштерді зерттеу, ескеркіштің орналасқан жерін анықтау, сызбаға түсіру, өмір сүрген этностардың діни нанымдары жайлы деректер жинау және өмір сүрген мерзімін анықтау болып табылады.

Сонымен қатар, зерттеулерді іске асыру барысында Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі, соның ішінде Қаратау мен Сырдария өзені аралығында өмір сүрген көшпелілер мен отырықшы тұрғындар мәдениетінің даму тарихы мен кезеңдеріне қатысты тың деректер жинақтау жоспарланды.

1 321 қаралым