Жарияланды: 12.01.2019

Музейде «Ұлы даланың жеті қыры» көрмесі өтті

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК кітапханасында «Ұлы даланың жеті қыры» атты фото және кітап көрмесі өтті.

Елбасы мақаласында көрсетілген 7 негізгі бағыт бойынша ұйымдастырылған шараға музейдің баспа өнімдері мен тарихи кітаптар және фотосуреттер қойылып, мекеме қызметкерлері мен оқушыларға таныстырылды.
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы іспеттес.«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы екі бөлімнен тұрады.

Алғашқысы «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» деп аталады. Мақаланың аты айтып тұрғандай негізгі бөлім ұлы даланың жеті қырын айқындап береді. Оның ішінде жеті қазынамыздың бірі жылқыға ерекше мән берілген. Ұлы дала халқы металл өндіру мен терең тарихымен мақтана алады. Сондай-ақ, Түркі әлемінің бесігі болып, Еуропа мен Азияны жалғаған Қазақстан Ұлы Жібек жолын жаңғыртуды да көздеп отыр. Қазақ даласының сулы, нулы табиғаты да елеусіз қалмады. Ал, мақаланың екінші бөлімі алдағы уақытқа бағыт-бағдар береді. Елбасы төл тарихымызды бағалап, жаңғыртуға арналған нақты 6 тапсырма жүктеді.
Нұрсұлтан Әбішұлының «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы»,- деп көрсеткені белгілі.

1 585 қаралым