Жарияланды: 14.01.2019

Nissan Aster Auto автосалоны өртеніп кете жаздады

Алапат өрттен көліктер аман қалды. Оқиға Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылында болған.

 

ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 12 қаңтарда сағат 00:44-те өртке қарсы қызмет мамандарына Nissan маркалы көліктерді сатумен айналысатын Aster Auto салоны өртеніп жатыр деген хабар келіп түскен. Шиналар қоймасынан басталған жалын 500 шаршы метр аумақты шарпыған. Ғимараттың жанында орналасқан жөндеу жұмыстарын жүргізетін цехтан 15 жеңіл көлік шығарылыпты. Қызыл жалын 04:30-да ауыздықталып, 05:03-те толық сөндірілген. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Апаттың себебі анықталып жатыр.
Автосалонды сақтандырушы компанияның өкілдері ғимараттан бөлек шоу-румда тұрған жаңа автокөліктердің біразының күлге көмілгенін айтты. Жақын арада әр көлік толықтай тексерістен өтіп, ақаулар анықталады.

kolesa.kz

1 269 қаралым