Жарияланды: 15.01.2019

Шымкентте ЭКО арқылы бала көтерген аналарды емдейтін бөлімше ашылды

Шымкенттегі №2 қалалық ауруханасында жүкті әйелдерді емдеуге арналған патология бөлімшесі ашылды. Орталық жұмысының жас аналар үшін маңызы зор. Онда дәрігерлер жүктіліктің 34 аптасынан бастап, аяғы ауыр келіншектерді түрлі патологиялар бойынша бақылауда ұстайды.


Ал, ең бастысы — медицина ұйымы толығымен заманауи құрылғылармен қамтамасыз етілді. Айта кетейік, жаңадан ашылған бөлімше перзетханаға дейін келіншектер толығымен ем қабылдайды. Ауруханаға қарасты перзентханада зертханалық қызмет тәулік бойы жұмыс істейді.

Қабылдау бөлімінде шұғыл шақырылым жүйесі орнатылған. Бұл бойынша науқасқа қажет болған мамандар жедел шара қабылдауға мүмкіндік бар. Айта кетейік, өткен жылы бұл перзентханада – 3 500-ден астам ана нәрестелі болды. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 751-ге артық.

1 086 қаралым