Жарияланды: 23.01.2019

Дәрігерлер міндетті екпені салуға қолдау білдіруде

Шымкенттік дәрігерлер қатерлі ісік ауруының алдын алатын міндетті екпені салуға қолдау білдіруде. Мамандардың айтуынша, профилактикалық шаралар обыр ауруының алдын алудың бірден бір мүмкіндігі.

Салаға жауаптылардың сөзінше, 2020 жылдан бастап екпе кестесіне 9 бен 14 жас аралығындағы қыздарға арналған жатыр мойнының қатерлі ісігінің алдын алу екпесі ата-анасының рұқсатымен салынады.
Ал 30 бен 70 жас аралығындағы әйелдер үшін скринингтік тексерістер жалғасады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2019 жылды жатыр мойнының қатерлі ісігіне қарсы күрес жылы деп жариялаған. Қазақстан да бұл бастаманы қолдап отыр.
Лаура Нақыпқызы

otyrar.kz

1 241 қаралым