Жарияланды: 25.01.2019

Шалғай ауылдағы тұрғындарды еліміздің үздік кардиологтары қабылдауда

Түркістан облысының орталық емханасында ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасының көшпелі тобы өз жұмысын бастады. Облыс халқын дәрігер -кардиолог Рауза Сұлтанова, дәрігер-аритмиолог Шалқар Смағұлов, дәрігер — кардиохирург Жеңіс Қозыбаев және дәрігер-травматолог Жетпіс Сүлейменов қабылдап, кеңес беруде.
Үздік кардиологтар Түркістан облысындағы шалғай ауылдардағы тұрғындарды қабылдауда.
Аз ғана уақыттың ішінде жүзге жуық түркістандық Елордадан арнайы келген білікті мамандардан кеңес алып үлгерді. Олардың арасында ем — домын
ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасында жалғастырып, не осы ауруханада ота жасатуға мүмкіндік алғандар да бар.
Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың шақыруымен келген ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасының жоғары санаттағы дәрігерлері облыс тұрғындарын екі күн бойы қабылдайды.
Қазақстанда жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларының деңгейі бойынша статистика аса ауыр емес – өлім-жітімнің 60 пайызының себебі жүрек аурулары болып табылады. Бүкіл әлемде жүрек-қан тамыр аурулары халық өлімінің негізгі себебі болып отыр. Еуропаның көптеген дамыған елдерінде бұл көрсеткіш өлімнің барлық жағдайларының 40 пайызына дейін жетеді.

Лаура Нақыпқызы

Отырар.кз

1 253 қаралым