Шығармашылық — адам өмірінің маңызды бөлігі, ол тіпті түбімен шындықты өзгертуге де қабілетті. Тек бұл қабілетті өмірдің әр сәтінде шыңдап шығармашылық тәжірибе жасаумен ғана дамытамыз.
Бүгін дәл осындай мақсатты көздеген Шымкент қаласындағы Химия- биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Шым ҚАЛАДА шаттанамыз !» атты балалар шығармашылығының фестивалін өткізді.
Әрбір балаға өздерінің шығармашылыққа деген талаптарын таныту және оны дамыту жолында жағдай жасау керек деген ұранмен ұйымдастырылған шығармашылық сайысқа қалалық мектептердің 8-16 жас аралығындағы оқушылар қатысты.
Балалардың өнеріне ерік берген іс-шара үш конкурстық бағдарламада өтті. Шығармашылық-Театр сайысы «Менің сахнам», Мәнерлеп оқу видеоконкурсы «Отбасым- менің отаным», Сурет салу шығармашылығы — «Шымкент палитрасы» деп аталды.
Сонымен қатар, әділдіктің әдісін іздеген ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға бірдей жағдайлар жасау мақсатында әрбір конкурсты жас санаттарына бойынша бөлді.
Іс-шараның соңында әр конкурстың әр топтың жеңімпазі марапатталды.